27 Мамыр 2021
Страницы "Қ.Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі" КММ

Мектеп тарихы

Мектептің тарихы

Балаларды ауылда оқытуды алғаш қолға алған Жәнтікей қажы Бұзаубайұлы 1890 - 1891 жылдары медресе салдырған, жанынан мешіт тұрғызған.

1935 жылы Ерназар бастауыш мектебі ашылды. Мектепте Қарағаш, Үмбет, Ерназар колхоздарының балалары келіп оқыды.

1937 жылы Ерназар жетіжылдық мектебі құрылды.

1942 жылы қазан айында Ерназар жетіжылдық мектебі Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы болып, Қызыл Ту орденімен қоса 10 000 (он мың) сом ақшалай сыйлық алды.

1946 - 1947 оқу жылында жетіжылдық мектеп қысқарып, бастауыш мектеп болып қалды.

1962 - 1963 оқу жылында мектеп іріленіп, сегізжылдық мектеп болып қайта құрылды.

1964 жылы 5 ақпанда мектепке кеңестік және Қазақстандағы металлогения ғылымының негізін қалаушы, әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірі – Ұлытау-Жезқазған кен орнын тұңғыш ашушы. 1946 жылы құрылған ҚазССР Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, Орталық Азия мен Қазақстан ғалымдары арасынан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілді.

1967 жылы орта мектеп болып қайта құрылды.

Елбасының тапсырмасы негізінде табиғаттың тосын апатынан кейін қысқа мерзімде жаңа үлгідегі ауыл тұрғызылды. Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев  2011 жылы наурыз айының 22 - жұлдызында заманауи мектептің ашылу салтанатына қатысып, мектеп лентасын қиып, пайдалануға тапсырды.

Әр жылдардағы мектеп директорлары:

Әбдікәрім Кәбенов  1937 - 1938 жж.

Тілеген Қинаубаев  1938 - 1942 жж.

Меңке Қинаубаева  1942 - 1944 жж.

Қойшыбай Оспанов  1944 – 1946 жж.

Арғынбай Жақыпханов  1946 - 1947 жж.

Дүйсен Байтуғанов  1947 – 1948 жж.

Рамазан Ильясов  1948 – 1949 жж.

Жұманбай Бектеміров  1949 – 1950 жж.

Әрінрашид Сайымбетов  1950 - 1951 жж.

Мұсылманбек Қатпин  1952 ж.

Елтай Кәрімов  1952 – 1956 жж.

Мүталапхан Ахметов  1956 – 1959 жж.

Тұрсынбек Әбділбаев  1960 – 1961 жж.

Омарғазы Қажиакпаров  1961 – 1964 жж.

Ғаббас Жүнісов  1964 – 1978 жж.

Совет Нұрғазин  1978 – 1987 жж.

Омарбек Рақымжанов  1987 – 1997 жж.

Алтыбаев Қайырғазы  1997 – 2001 жж.

Шынанов Ризабек  2001 – 2002 жж.

Тұқтиев Қайрат  2002 – 2006 жж.

Бахтина Шолпан  2006 – 2009 жж.

Боранжанов Болат  2009 – 2018 жж.

Ожаева Ардак  2018 ж. 

Мектеп атауының өзгерген жылдары:

1964 жылы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі

2011 жылы «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі» КММ

2021 жылы «Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар